Текст
Бүгін, 20.12.2024, режиссер Ерлан Ошақбаевтың «Ұстаз» фильмінің тұсаукесері өтті. Мектебіміздің ұжымы премьераны тамашалады. Фильм жас маманның туған ауылына ұстаз болып оралуы туралы баяндайды. Ол мұғалім рөлінің маңыздылығын, оқу-тәрбие процесін жетілдіруге ұмтылысын, сонымен қатар кәсіби қызмет жолында кездесетін қиындықтар мен қуаныштарды көрсетеді. Бұл мұғалімнің қоғамдағы рөлін терең түсінуге маңызды себеп болып, жас ұстаздарға өз жауапкершілігін сезінуіне жол сілтейтін, мамандықты одан әрі дамытуға шабыттандыратын бағыт болады деп ойлаймыз».