Текст
Ақпарат
20 ақпан күні «Бұлақсай ауылының No1 орта мектебі» КММ-де Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Тарих ғылымының классигі» тақырыбында әдеби сағат өтті. Оған 5-9 сынып оқушылары қатысты. Шараның басты мақсаты – оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу, І.Есенберлин шығармаларына қызығушылықты қалыптастыру, оның оқуын насихаттау болды. Шара барысында оқырмандар Ілияс Есенберлиннің өмірбаянымен және оның «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас», «Көшпенділер», «Сиқырлы қылыш», «Хан Кене» шығармаларымен танысты. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик тамашалады.