Текст
Жыл сайын бірінші қазанда Қазақстанда "Қарттар күні"аталып өтеді. Осы күзгі күні барлық қазақстандықтар өздерінің қарт туыстарына ерекше көңіл бөледі. 2023 жылғы 29 қыркүйекте "Бұлақсай ауылының № 1 Негізгі орта мектебі" КММ-де осы күнге орайластырылған іс-шара өткізілді. Іс-шараға 1-9 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ата-әжелерін құттықтап, фото галерея құрастырып, жақын Қарт адамдардың өмірінен қызықты фактілермен бөлісті, сондай-ақ өз қолдарымен ата-әжелер үшін құттықтау карталарын дайындады.
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#medetbekovameruert
#aqmoedu