02.05.2020
- Психологиялық көмек (ақпарат және консультация) алу веб-сайты: covid-19.mentalcenter.kz:
Қазақ тілінде: https://covid-19.mentalcenter.kz/
Орыс тілінде: https://covid-19.mentalcenter.kz/ru/
covid-19.mentalcenter.kz веб-сайтын қалай пайдалану керек:
- Сайттың алты тарауының біріне кіру керек («Егде адамдарға», «Балалар мен жасөспірімдерге», «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарға» және басқалары);
- «Онлайн мамандар» пернесін (жоғарғы оң жақта) басу керек. Мамандар туралы ақпарат және фотосуреттері шығады;
- Фотосуреттер бар тізімнен бір маманды таңдап, «Жазылу» пернесін басу керек. «Өтініш қалдырыңыз» деген терезеше шығады;
- Өтінішті аты-жөнді (аты-жөнсіз де болады), ұялы телефон нөмірін және электронды поштаны көрсету арқылы толтыру керек;
- Растаудан соң, дербес консультация күні, уақыты және оған апаратын сілтемелер көрсетілген смс келуін күту керек.
- Сіз тиісті тәжірибесі бар және көмек көрсетуге келісетін әріптестеріңізге (педагог-психологтарға) бағыт сілтей аласыз.
- Сіз тұратын өңірдегі психикалық денсаулық орталығының мамандарының көмегіне жүгіне аласыз (алдын-ала келісіп алған нақты маманға бағыттау маңызды).