"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Бұлақсай ауылының № 1 негізгі орта мектебі "коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа №1 села Булаксай отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары

 

Құрметті ата-аналар! Жаңа оқу жылы қарсаңында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен регламенттелетінін хабарлаймыз.

2024-2025 оқу жылында қолданыстағы бұйрық басшылыққа алынады.

  • Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
  • Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі және күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
  • Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
  • Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
  • Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығының 13-тармағы).
  • Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.
  • Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.
Жаңартылған күні: 13.11.2024 10:24
Құрылған күні: 13.11.2024 10:24

Текст